429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Күрес түрлерінен қыздар құрамасы халықаралық жарыста топ жарды

  • 140
  • UPD: 14:11, 07.03.2021
Күрес түрлерінен қыздар құрамасы халықаралық жарыста топ жарды

2 алтын, 2 күміс және 2 қола. Күрес түрлері бойынша Италиядағы халықаралық жарыс қазақстандық бұрымдылар үшін сәтті өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қыздарымыз жалпы есепте бірінші орын алды. Атап айтқанда, орта салмақтағы Гаухар Мұқатай мен Жәмиля Бақбергенова қарсыласқа шақ келтірмеді. Күміс медаль Айша Уалишан мен Диана Каюмоваға бұйырды. Ал Эмма Тисина мен Эльмира Сыздықова үздік үштікке кірді.

Айта кетейік, енді Токиодағы байрақты бәсеке 23 шілдеде басталады.

Хабар 24 телеарнасы