430,69 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Испаниядағы турнирде Қазақстан құрамасы бокстан үшінші орынды иеленді

  • 153
Испаниядағы турнирде Қазақстан құрамасы бокстан үшінші орынды иеленді

Кастельонедегі (Испания) турнир қорытындысы бойынша жалпыкомандалық медаль саны бойынша бокстан Қазақстанның ерлер құрамасы үшінші орынға ие болды. 

Қазақстандық боксшылар турнирде алты медаль жеңіп алды – бір алтын, бір күміс және төрт қола. Қазақстанның алдында бір «алтын» мен бес күмісті еншілеген Үндістан тұр.

Ал Испания құрамасы төрт алтын мен бір күміс иеленіп көш бастады.

Испания турниріндегі медаль саны:

1. Испания — 4-1-0

2. Үндістан — 1-5-0

3. Қазақстан — 1-1-4

4. Италия — 1-0-2

5. Пуэрто-Рико — 1-0-0

6. Дания — 0-1-0

7. Литва — 0-0-5

8. Франция — 0-0-3

9. Панама — 0-0-1

10. Румыния — 0-0-1.

Хабар 24 телеарнасы