Шорт-тректен әлем чемпионаты: ҚР ерлер құрамасы эстафетада алтыншы болды

Нидерландта шорт-тректен әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Әлем біріншілігінің соңғы күнінде ерлер арасында эстафета жарысы өтті. Аталған санат бойынша Қазақстан ерлер құрамасы 6-орынға тұрақтады. Сонымен қатар әлем чемпионатының соңғы күнінде әйелдер арасында 1000 м қашықтық бойынша спортшылар өзара мықтыны анықтады.

Аталған санат бойынша қазақстандық Мадина Жанбусинова 19, Хан Яна 23-орынға жайғасты.