Алматыда фристайл-могулдан әлем чемпионаты басталды

Қазақстандық атлеттер Анастасия Городко мен Юлия Галышева жекелей сын бойынша кіші финалға жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Анастасия Городко екінші іріктеу кезеңінің нәтижесі бойынша алтыншы, Юлия Галышева 78,23 ұпайымен екінші болды. 

Екі іріктеу кезеңінің нәтижесі бойынша ТОП-18 спортшы кіші финалға өтеді.

Өкінішке орай, әйелдер арасындағы бәсекеде Аяулым Әмренова мен Олеся Груар іріктеуден өте алмады.

Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 12:15-те ерлер арасында іріктеу сыны басталды. Жарыстың финалы 15:00-ге жоспарланған.