Теннис: Рыбакина Дубай турнирінің екінші айналымына шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина Дубай WTA 1000 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айтулы доданың 14-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 48-орында тұрған қытайлық Чжэн Сайсаймен өткізді.

Бірінші партияда Е.Рыбакина қарсыласына бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0.

Екінші сетте де 6:4 есебімен басым түсті.

Бәсеке 1 сағат 15 минутқа созылды.

Е.Рыбакина екінші айналымда әлемнің 31-ракеткасы, Тунис өкілі Онс Жабермен күш сынасады.

Жүлде қоры 1,8 млн АҚШ долларынан асатын жарыс 13 наурыз күні мәреге жетеді.