ҚХЛ: «Барыс» «Металлургпен» текетіресте сериядағы есепті теңестірді

Құрлықтық хоккей лигасының төртінші плей-офф матчында «Барыс» өз айдынында Магнитогорскінің «Металлургімен» ойнады, деп жазады Prosports.kz.

Қазақстандық клубтың құрамы келесідей болды: Ортио (Карлссон); Маклюков-Диц, Панюков-Вароне-Фрэттин; Хетерингтон-Шалапов, Старченко-Виделль-Петухов; Линтуниеми-Блэкер, Лилья-Волк-Михайлис; Шевченко-Шестаков-Акользин, Мусоров.

Алғашқы екі периодта елордалықтар екі мәрте таразы басын теңестіре алды. Ал соңғы, ойынның үшінші бөлігінде екі шайбы соғып, жеңісті жұлып алды. 

«Барыс» (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) — «Металлург» (Магнитогорск, Ресей) 4:2 (1:1, 1:1, 2:0)

Сериядағы есеп: 2:2

Шайбы соққандар:

0:1 — 03:33 Прохоркин (Хольм, Голдобин)

1:1 — 19:59 Фрэттин (Вароне, Панюков)

1:2 — 24:03 Голдобин (Прохоркин, Пашнин)

2:2 — 26:58 Блэкер (Виделль)

3:2 — 52:38 Старченко (Михайлис, Волк)

4:2 — 59:20 Панюков

Қақпашылар: Ортио — Олкинуора.

Сондай-ақ...