Елена Рыбакина халықаралық турнирдің екінші айналымына шықты

Елена Рыбакина халықаралық турнирдің екінші айналымына шықты
Inform.kz

Дәл қазір Біріккен Араб Әмірліктерінде теннистен рейтингілік бәсеке өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алғашқы айналымда жерлесіміз қытайлық спортшымен жолығып, айқын басымдықпен ұтты. Қорытынды есеп: 6:0, 6:4.

Ал «Астана» шабандоздары үздіктер қатарына ілікпеді. Дәл қазір Францияда әйгілі велокөпкүндік өтіп жатыр. Париж бен Ницца арасын қосатын жарыс 8 кезеңнен тұрады. Әзірге екі кезең артта қалды. Соңғы сын 188 шақырымға созылған болатын. Мұнда Нидерланды өкілі Кес Бол топ жарды. Үздік үштікке даниялық және австралиялық спортшылар кірді. Ал «Астана» командасынан ең тәуір көрсеткішке Луис Леон Санчес қол жеткізді. Ол мәре сызығын 30-шы болып кесті. Александр Власов 33, ал, Алексей Луценко 52 сатыларға орналасты. Енді шабандоздар жекелей сынға қатысады. Франциядағы жарыстың жалпы қорытындысы 14 наурызда белгілі болады.