Руслан Ахметов OCTAGON 17 турнирінде өнер көрсетеді

Қазақстандық файтер Руслан Ахметовтің (3-1) келесі жекпе-жегі өтетін уақыт анықталды, деп хабарлады Prosports.kz.

Жеңіл салмақта (70 келі) өнер көрсететін 23 жастағы спортшы 17 наурызда Алматыда өтетін OCTAGON 17 турниріне қатысады. Ахметовтің қарсыласы – өзбекстандық Абдурахмон Гафоров (2-1).

Айта кетейік, кештің басты жекпе-жегінде Карим Рузбакиев (5-0) пен Айболат Мұратұлы (2-2) кездеседі. Бұл жекпе-жекте аса ауыр салмақтағы (93 келі) чемпиондық атақ сарапқа салынады.