433,15 516.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Спорттық гимнастикадан әлем кубогінің финалдық кезеңі өтпейтін болды

  • 124
  • UPD: 23:09, 09.03.2021
Спорттық гимнастикадан әлем кубогінің финалдық кезеңі өтпейтін болды

Спорттық гимнастикадан әлем кубогінің финалдық кезеңі өтпейтін болды. Мұндай шешімді Халықаралық гимнастика федерациясы Жапон гимнастика қауымдастығымен бірлесе отырып қабылдаған деп жазады Olympic.kz. 

Токиодағы әлем кубогінің финалдық кезеңі 4 мамырға жоспарланған болатын. Сондай-ақ бұл турнирге Олимпиада қарсаңындағы бақылау жарысы мәртебесі берілген еді. Биылғы әлем кубогі кезеңдерін қорытындылайтын турнирдің өтуіне Жапония билігі қабылдаған шектеу шаралары әсер етті. Бұған дейін спорттық гимнастикадан Штутгарт (Германия) пен Бирмингемдегі (Ұлыбритания) әлем кубогі кезеңі өткізілген жоқ.

Бүгінге дейін спорттық гимнастикадан ерлер арасындағы 98 лицензияның 82-сі өз иесін тапқан. Әйелдер арасында 98 жолдаманың 84-і таратылды. Қалған жолдамалар жекелеген снарядтар бойынша өтетін әлем кубогі кезеңдері мен құрлық чемпионаттарында үлестіріледі.

Хабар 24 телеарнасы