Гандболдан әйелдер құрамасы Олимпиадаға іріктеуге дайындықты бастады

Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы рейтингтік турнирге қызу дайындықты бастады деп хабарлайды Olympic.kz.

Ел құрамасы бүгінде Алматы қаласында орналасқан «Достық» спорт кешенінде шеберліктерін шыңдап жатыр.

Кезекті оқу-жаттығу жиынының мақсаты Олимпиадаға іріктеу жарысында жақсы нәтижеге қол жеткізу. Аталған жаттығу жиынына ұлттық құрама сапынан 22 спортшы қатысып жатыр. Жаттығу жиыны 15 наурызға дейін созылады.

Айта кетерлігі, іріктеу жарысы 19-21 наурыз аралығында Венгрияда өтеді.