Евсеев пен Попко Санкт-Петербург турнирінің екінші айналымына шықты

Қазақстандықтар Денис Евсеев пен Дмитрий Попко Санкт-Петербург АТР челленджер турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Д.Евсеев бастапқы кездесуін өзбекстандық Важа Узаковпен өткізді. Денис қарсыласына бірде-бір гейм бермей, 6:0, 6:0 есебімен ұтты. Бәсеке небәрі 33 минутқа созылды. Қазақстандық теннисші матч барысында алты брейк жасай алды. Д.Евсеев екінші айналымда отандасы, осы доданың 2-ракеткасы Дмитрий Попкомен кездеседі. Қай жеңгені ширек финалға өтеді. Д.Попко алғашқы айналымда хорватиялық Нино Сердарушичті 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді. Жүлде қоры 52080 АҚШ долларына бағаланған жарыс 14 наурыз күні аяқталады.