Йоахим Лев Германия құрамасынан кетеді

Йоахим Лев Германия құрамасынан кетеді
news.sportbox.ru

Германия ұлттық құрамасының бас бапкері Йоахим Лев осы жазда өтетін Еуропа чемпионатынан кейін қызметінен кетеді.

Бұл туралы Германия футбол қауымдастығының (DFB) ресми сайты хабарлады, деп жазады prosports.kz.

Лев келісімшартты мерзімінен бұрын бұзуды өзі сұраған. Қазіргі келісім бойынша ол 2022 жылғы әлем чемпионаты аяқталғанға дейін команда тізгінін ұстауы керек болатын. DFB маманның өтінішін қанағаттандырды.

Осылайша, алдағы Еуропа чемпионаты Левтің басшылығымен Германия құрамасы үшін соңғы турнир болмақ.

Маман Бундестимді 2006 жылдың шілдесінен бері баптап келеді.