Фристайлдан әлем чемпионаты: Ж.Алдабергенова мен А.Қалмұрзаева финал-1 кезеңіне өтті

Бүгін, 10 наурыз, «Шымбұлақта» фристайлдан FIS әлем чемпионаты аясында шаңғы акробатикасы бойынша жарыстар басталды.

Іріктеу кезеңінің нәтижесі бойынша қазақстандық қос спортшы бірінші финалға шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстандық Жанбота Алдабергенова мен Ақмаржан Қалмұрзаева жарысты сәтті жалғастырып жатыр. Негізгі іріктеу кезеңінен кейін үздіктер қатарына еніп, финал-1 бәсекесінде бақ сынайды. 

Тағы бір отандық атлет Маржан Ақжігіт жарысты 14-орынмен аяқтады.

Айта кетерлігі, финал-1 кезеңіне 12 спортшы өтті.