Қанат Ислам Джермалл Чарломен жекпе-жекке шығуы мүмкін

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам америкалық Джермалл Чарлоға қарсылас болуы мүмкін. Бұл туралы prosports.kz сайты Boxing Media UK твиттер парақшасына сілтеме жасап мәлімдеді.

«Қазір Джермалл Чарлоға қарсылас ретінде Масиас Монтель, Андрей Сироткин, Қанат Ислам қарастырылып жатыр», - делінген.

Айта кетейік, 21 ақпанда Қанат Ислам Майамиде эквадорлық Джейсон Миндамен (14-2-1, 8 КО) кездесіп, қарсыласын нокаутпен жеңген болатын.