Елімізде Х қысқы гимназиада өтіп жатыр

Ел бойынша оқушылар арасында қысқы гимназиада өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

10-шы жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған дәстүрлі дода еліміздің бас қаласы Нұр-Сұлтан мен Петропавлда жалауын көтерді. Онда 2003-2006 жылдар аралығында туған жастар биатлон, шаңғы тебу, шорт-трек сынды спорттың сегіз түрінен командалық және жекелей сында өзара мықтыны анықтауда. Бірнеше күннің қорытындысы бойынша конькимен сырғанаудан ұлдар арасында алматылықтар, ал қыздар арасында Солтүстік Қазақстан облысының құрамасы топ жарды. Шайбалы хоккейден көкшетаулытар көш бастап тұр. Ал мәнерлеп сырғанау бойынша Алматы қаласының құрамасына тең келері болмады. Жалпы бұл ойындарда мықты өрендер халықаралық байқауға ірекітеледі. Сәтін салса, жүзден жүйріктері Қытайда өтетін бүкіләлемдік гимназияда додасында алғаш рет ел намысын қорғайтын болады.

Қанат Сәдуақас, өңірлік дене тәрбиесі, спорт және АӘД оқу-әдістемелік орталығының жетекшісі:

– Еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған. Спартакиада дейміз, жалпы биылғы жылдан бастап мұның аты гимназиада. Біздің осы гимназиадаға он үш өңірден 1300-ге тарта оқушы қатысып отыр. Бір жылдай уақыт біздің жарыстар өткізілмеді. Сондықтан оқушылар осы жарысқа белсене қатысуда. Жарысты сағынып қалдық деп айтып жатыр.

Сондай-ақ...