Щучинскте шаңғы жарысынан Қазақстан кубогы өтеді

20-27 наурыз аралығында Шучинск қаласындағы Ұлттық шаңғы орталығында шаңғы жарысынан ҚР кубогы өтеді, деп хабарлады Olympic.kz.

Жарыстардың бір бөлігі FIS жарыстарының дәрежесінде өтеді.

Қазақстан кубогының бағдарламасы:

20 наурыз – келу күні;

21 наурыз – аралас эстафета (w-m-w-w) 4x5 км;

22 наурыз – 3х2х1,2 км классикалық жүріспен командалық спринт;

23 наурыз – демалыс күні;

24 наурыз – FIS спринті 1,2 км;

25 наурыз – демалыс күні;

26 наурыз – 10/15 км FIS классикалық бағдарымен жарыс;

27 наурыз – 30/50 км FIS масс-старт.