433,55 515.14 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық егіз спортшы бір күнде үйленді

  • 307
  • UPD: 23:22, 11.03.2021
Қазақстандық егіз спортшы бір күнде үйленді фото: olympic.kz

Алматыда егіз спортшылар – Ғұсман және Ғұмар Қырғызбаевтар отбасын құрды. Егіз спортшының тойы бір күнде өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ғұмар мен Ғұсман Қырғызбаевтар – дзюдо мен қазақ күресінің балуандары. Ғұсман Қырғызбаев – дзюдодан ұлттық құрама үздігі. Ол жақында ғана Тель-Авивтегі «Үлкен Дулыға» турнирінде қола жүлдені иеленді. Сонымен бірге ол халықаралық дзюдо федерациясының рейтингінде үздік он спортшның қатарында.

Ғұмар Қырғызбаев – Еуропа кубогының қола жүлдегері. Ғұсман мен Ғұмар Қырғызбаевтардың қалыңдығының есімдері Жансая, Қасиет.

Бұл тойда қазақстандық спортшылар қонақ болды. Тойда қуанышты бөліскен жұрт тойдың қызықты сәттерін желіге жүктеді. Олар жас жұбайларды құттықтап, ақ тілегін арнап жатыр.

 

Хабар 24 телеарнасы