«Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында балаларға арналған қайырымдылық жоба басталды

11 наурызда «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында халықтың әлеуметтік-осал топтарынан шыққан балаларға арналған қайырымдылық жоба басталды.

Аталған іс-шара фристайлдан Әлем чемпионаты аясында могул және шаңғы акробатикасы және фристайлдан Әлем кубогының ақтық кезеңі аясында параллельді могул және шаңғы акробатикасы түрлері бойынша өтті.

Бірінші аталған іс-шара барысында жас қонақтарға «Шымбұлақ» ТК біліктілігі жоғары нұсқаушылары мастер-класс өткізді. Нұсқаушылар балалармен тегін ашық жаттығулар жасады. Қайырымдылық жобаға 30 астам бала қатысты.

«Бүгін аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалар «Шымбұлаққа» келді. Көбінің мұнда келуге мүмкіндігі жоқ, олар ешқашан шаңғыда теуіп көрмеген және олар үшін бәрі жаңа дүние болып көрінді. Екі баланың анасы ретінде мен осындай ерекше жобаның бар екеніне өте қуаныштымын. Мен барлық ұйымдастырушыларға балаларға тау шаңғысымен сырғанауды үйренуге мүмкіндік бергені үшін, берілген жабдық үшін алғысымды білдіремін. Осындай әдемі жерге барып, спортпен айналысу – керемет сезім!», - деп шеберлік сабағына қатысушылардың бірінің анасы Ирина Маслова алғысын білдірді.

«Бірнеше әлеуметтік жоба өткізбекшіміз. Сонымен бірге, Медеу-Шымбұлақ гондол жолымен тегін жүру және халықтың әлеуметтік-осал топтарына жататын адамдар үшін тегін топтық нұсқамалар ұйымдастырылады. Сондай-ақ ерекше балалар үшін біз тау шаңғылары мен сноубордтарда бейімделген сырғанауды ұйымдастыратын боламыз», - деп ҚР Ұлттық шаңғы қауымдастығының бас хатшысы Аскар Валиев жоспарларымен бөлісті.

Ерекше балалар мен халықтың әлеуметтік-осал топтарынан шыққан балалардың өміріне қуаныш сыйлау үшін бірқатар жобаны іске асыратын КЕҰ акцияларға қатысу үшін «Шымбұлақ» ТК хат жазуы керек, онда гондол жолында тегін жүргісі келетіндер тізімі немесе мастер-кластарға қатысатын балалардың тізімі беріледі.

Сондай-ақ...