Дзюдодан Қазақстан құрамасының Tbilisi Grand Slam-ге қатысатын құрамы жарияланды

Дзюдодан Қазақстан құрамасының 11 мүшесі 26-28 наурыз арасында Грузияда өтетін Tbilisi Grand Slam 2021 халықаралық турниріне қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz IJF сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан намысын турнирде Бауыржан Жауынтаев, Тоқтар Үміталиев (екеуі де – 60 келіге дейін), Айболат Ыстыбай, Ғұмар Қырғызбаев (екеуі де – 66 келіге дейін), Данияр Шамшаев (73 келіге дейін), Руслан Мұсаев, Дидар Хамза (екеуі де – 81 келіге дейін), Ислам Бозбаев (90 келіге дейін), Сұңғат Закарияев (100 келіге дейін), Ерасыл Қажыбаев пен Ғалымжан Қырықбай (екеуі де – 100 келіден жоғары) қорғайды.