Спорттық құзға өрмелеуден әлем кубогінің кезеңі кейінге шегерілді

Халықаралық спорттық құзға өрмелеу федерациясы (IFSC) Қытайда және Оңтүстік Кореяда мамыр айына жоспарланған әлем кубогі кезеңдерін күз мезгіліне ауыстырды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Әлемдік ұйымның мұндай шешім қабылдауына Қытай мен Оңтүстік Кореядағы коронавирусты инфекцияға байланысты енгізілген шектеулер себеп болған.  Осылайша боулдеринг пен жылдамдық бойынша өтетін Сеулдегі (Оңтүстік Корея) әлем кубогі кезеңі 1-3 қазанға, Уцзяндағы (Қытай) кубоктік кезең 22-24 қазанға, сондай-ақ Джакартадағы (Индонезия) 30-31 қазанға жоспарланды. 

Айта кетелік, спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан командасы Токио Олимпиадасына бір жолдама жеңіп алды. Қазақстандық Ришат Хайбуллин көпсайыстан сынға түседі.