Спортшылар құнды жеке заттарын Елбасы кітапханасының музейіне тапсырды

Спорт майталмандары құнды жеке заттарын Елбасы кітапханасының музейіне тапсырды.

Олимпиада чемпиондары Серік Сәпиев пен Данияр Елеусінов және Әлия Юсупова, Илья Ильин, Сергей Цырульников, Дмитрий Петрухин сынды саңлақтар іс-шарада жанкүйерлермен кездесті. Қазір кәсіпқой бокста атой салып жүрген Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов мұражайға келушілер жетістігімді көріп, құлшыныс ала алады деген пікір білдірді. Себебі спортшы үшін әр жеңісі өміріндегі ең маңызды сәт. Жиында Елбасы кітапханасы мен Мәдениет және спорт министрлігі ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Данияр Елеусінов, Олимпиада чемпионы:

- Мен өзімнің Рио Олимпиадасынан кейінгі берілетін ресми алтын қолғапты сыйға тарттым. Олимпиададан кейін сувенир берген болатын. Мұражайға өткізуге жөн көрдім. Еліміздің 30 жас мерейтойына орай, өзімде елдің құрдасымын. Елдің жеңістері менің жеңістеріммен тұспа-тұс келгендіктен осындай шешімге келдім.

Күләш Ақтаева, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы директорының орынбасары:

- Біздің 12 бірдей спортшымыздың біраз жәдігері өз орнын алып жатыр. Осы айдың аяғында көрме ұйымдастырып, көпшілікке көрсететін боламыз.