Қазақстан үстел теннисінен Токио Олимпиадасына іріктеуге қатысады

14 наурызда Катар астанасы Дохада үстел теннисінен Олимпиада ойындарына әлемдік іріктеу турнирі басталады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Токиодағы Олимпиада ойындарына жолдаиа алу үшін ерлерден 78, әйелдерден 63 спортшы сынға түседі. Ерлер арасында төрт, әйелдер арасында бес жолдама сарапқа салынады. Жарыс екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде ерлер үш, әйелдер төрт жолдаманың тағдырын шешпек. 

Ал қалған екі лицензияны екінші кезеңде ойнатады.

Айта кетелік, үстел теннисінен әлем үздігі саналатын Қытай, Жапония, Корея және Германия іріктеуге қатыспайды. Себебі олар жолдама мәселесін шешіп қойған. 

Аталған сынға Қазақстан атынан Кирилл Герасименко, Айдос Кенжеғұлов, Анастасия Лаврова, Зауреш Ақашева қатысады.