430,73 519.25 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Германиядағы турнирде қазақстандық үш боксшы финалға шықты

  • 230
  • UPD: 23:53, 12.03.2021
Германиядағы турнирде қазақстандық үш боксшы финалға шықты

Бокстан Германияның Кельн қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде алғашқы финалистер анықталды деп жазады Olympic.kz. 

52 келідегі Сәкен Бибосыновтың жартылай финалдағы қарсыласы, венгриялық боксшы кездесуге шығудан бас тартты. Осыған орай Бибосынов автоматты түрде турнирдің финалына жолдама алды.  Сондай-ақ ағайынды Айбек пен Нұрбек Оралбай да бәсекенің бас жүлдесіне таласады.

81 келіде жұдырықтасатын Нұрбек Оралбай мен 91 келідегі Айбек Оралбай германиялық қарсыластарын жеңіп, финалға өтті. Бұл күндізгі сессияның қорытындысы.

Кешкі сессияда Оразбек Асылқұлов (57 келі), Ертуған Зейнулинов (63 келі) және Қамшыбек Қоңқабай (+91 келі) шаршы алаңға шығады.

Хабар 24 телеарнасы