Ашық суда жүзуден әлемдік серия: қазақстандық спортшылардың нәтижесі

Катар астанасы Дохада ашық суда жүзуден әлемдік серия кезеңі басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

10 шақырымға жүзуден Қазақстан намысын екі спортшы қорғаған болатын. Мария Федотова 34-ші, Милана Болдырева 35-ші орыннан көрінді.  Ерлер арасында біздің команда сапынан Виталий Худяков, Лев Черепанов, Ғалымжан Балабек сынға түседі.