Сәкен Бибосынов Германиядағы бокс турнирінің финалында сүрінді

Бокстан Германияның Кельн қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде қазақстандық Сәкен Бибосынов күміс жүлдегер атанды деп хабарлайды Olympic.kz. 

52 келідегі ақтық сында Сәкен Бибосынов пен франциялық Беннам Билал кездесіп, Бибосынов қарсыласына есе жіберді. 

Айта кетелік, 2020 жылы Амманда өткен лицензиялық турнирде Бибосынов Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алған еді.