430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық боксшылар Кельндегі турнирде екі «алтын» жеңіп алды

  • 267
  • UPD: 13:50, 14.03.2021
Қазақстандық боксшылар Кельндегі турнирде екі «алтын» жеңіп алды

Кельнде (Германия) бокстан халықаралық турнир аяқталды. Қазақстан құрамасы екі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Айбек Оралбай мен 91 келіден жоғары салмақта жұдырықтасқан Қамшыбек Қоңқабаев жарыс жеңімпазы атанды. 

Оразбек Асылқұлов (57 кг), Сәкен Бибосынов (52 кг), Ертуған Зейнулинов (63 кг) пен Нұрбек Оралбай күміс жүлдеге ие болды. 

Жарыс қорытындысы бойынша, бокстан Қазақстан құрамасы медаль саны бойынша командалық есепте көш бастады.

Хабар 24 телеарнасы