УЕФА рейтингі: қазақстандық клубтардың орны қандай

УЕФА соңғы бес маусымдағы еуропалық клубтар рейтингісін жаңартты, деп жазады Prosports.kz.

УЕФА-ның ресми сайтындағы рейтингке қазақстандық жеті клуб енген.

Олардың арасында «Астана» ғана үздік 100 клубтың қатарында. Бірақ елордалық клуб былтырмен салыстырғанда 8 саты төмендеп кетті. Елдің алты дүркін чемпионы УЕФА клубтар рейтингінде 64-орында тұр.

Біздің клубтар арасында екінші орынға «Қайрат» жайғасқан. Алматылық клуб Еуропада 192-орында тұр. Ал өзге клубтарымыздың орны тым төмен. 308-ден 312-ге дейін орындарды «Қайсар», «Ордабасы», «Тобыл», «Ертіс» және «Ақтөбе» бөліседі.

Қазақстандық клубтардың УЕФА рейтингіндегі орны:

64. «Астана» – 22,500 ұпай;
192. «Қайрат» – 6,000;
308-312. «Қайсар» – 1,500;
308-312. «Ордабасы» – 3,000;
308-312. «Тобыл» – 2,500;
308-312. «Ертіс» – 1,500;
308-312. «Ақтөбе» – 0,250.