433,55 515.14 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Зидан Роналдудың «Реалға» оралуы мүмкін екенін айтты

  • 122
  • UPD: 23:53, 15.03.2021
Зидан Роналдудың «Реалға» оралуы мүмкін екенін айтты

Мадридтік «Реалдың» бас бапкері Зинедин Зидан «Ювентустың» шабуылшысы Криштиану Роналдудың Испанияға оралуы мүмкін екенін мойындады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Роналдудың оралуы? Ия, мүмкін. Біз Криштианудың «Реалдың» жеңістеріне сіңірген еңбегін бағалаймыз, бірақ қазір ол «Ювентустың» ойыншысы. Бәрі болашақтың еншісінде», - деп келтірді Зиданның сөзін Sky Sport Italia басылымы. 

Жақында Роналду «Реалға» қайта оралуы мүмкін екендігі туралы ақпарат тараған еді.

Хабар 24 телеарнасы