Қазақстандық кәсіпқой боксшы келесі жекпе-жегі туралы айтты

Қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (15-0, 14 КО) жақын арада жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлады prosports.kz.

Кособуцкий нақты күнді атамаса да, көктемге дайындық жүріп жатқанын айтты.

Ауыр салмақтағы боксшы 20 ақпанда Гамбургте (Германия) жекпе-жек өткізген болатын. Онда нигериялық Онориоде Эхвариеммен (18-2, 17 КО) кездесті және оны төртінші раундта нокаутқа жіберді.