Баскетболдан Қазақстан кубогы мәресіне жетуге жақын

Күні кеше финалға шыққан командалар белгілі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, «Астана» мен «Каспий» соңғы жолдаманы сарапқа салды. Елордалық клуб ойын басынан басымдықты қолына алып, алғашқы кезеңді 26 ұпай айырмасымен ұтты. Нәтиже: 45:19. Ал, матчтың өзі 92:42 есебімен аяқталды. «Астана» сапынан Асқар Майдекин «Ең үздік ойыншы» атанды. Оның еншісінде 16 ұпай бар. Енді Эмиль Райкович баптайтын жігіттер қостанайлық «Тобылмен» финалда жолығады. Кездесу бүгін болады. Ал, қола жүлде үшін таласқа ақтаулық «Каспий» мен атыраулық «Барыстар» түседі.

***

Исламбек Қуат қайта оралды. Қазақстандық футболшы «Астана» командасымен келісімшартқа отырды. Бұл жөнінде Meta-ratings.kz сайты мәлімдеді. Бұған дейін Исламбек мәскеулік «Химки» клубында өнер көрсеткен еді. Бірақ биылғы маусымдағы 6 кездесуде елең еткізердей нәтиже көрсете алмады.

***

Қоржынымызда тағы бір күміс. Таэквондодан Түркиядағы халықаралық турнир аяқталды. Жарыстың соңғы күні жеңіл және орта салмақтағы бәсекелер өткен еді. Жерлестеріміз арасынан Ақмарат Долгиев финалға дейін жетіп, соңғы сында ғана есе жіберді. Осылайша, ел намысын қорғаған спортшылар 1 алтын және 2 күміс медаль жеңіп алды. Яғни, жарыстың алғашқы күндері 59 келідегі Аяжан Сапархан мен 63 келідегі Әділ Тілеуғабыл жеңіс тұғырына көтерілген еді. Айта кетейік, Стамбул қаласындағы жарыс рейтингілік бәсекелер қатарына жатады. Халықаралық жарысқа паралель ішкі біріншіліктер де жанданып жатыр. Жуырда ғана Талдықорған қаласында ел чемпионаты өтті. Ал, мамыр айында Ақтөбеде жастар ойыны болады.