Қазақстандық таэквондошылар халықаралық жарыста топ жарды

Қоржынымызда тағы бір күміс. Таэквондодан Түркиядағы халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жарыстың соңғы күні жеңіл және орта салмақтағы бәсекелер өткен. Жерлестеріміз арасынан Ақмарат Долгиев финалға дейін жетіп, соңғы сында ғана есе жіберді. Осылайша, ел намысын қорғаған спортшылар 1 алтын және 2 күміс медаль еншіледі. Яғни, жарыстың алғашқы күндері 59 келідегі Аяжан Сапархан мен 63 келідегі Әділ Тілеуғабыл жеңіс тұғырына көтерілген еді. Айта кетейік, Ыстамбұл қаласындағы жарыс рейтингілік бәсекелер қатарына жатады. Халықаралық жарысқа паралель ішкі біріншіліктер де біртіндеп жанданып жатыр. Жуырда ғана Талдықорған қаласында ел чемпионаты өтті. Ал, мамыр айында Ақтөбе қаласында жастар ойыны болады.

Сондай-ақ...