«Фенербахченің» 18 жастағы ойыншысы Қазақстан құрамасына шақыртылды

Түркиялық «Фенербахче» қорғаушысы Микаэль Асқаров Antalya Cup-2021 халықаралық турниріне қатысу үшін Қазақстанның жастар құрамасына (U-21) шақыртылды, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

18 жастағы Асқаров «Фенербахче U-19» командасында сол қапталдағы қорғаушы болып ойнайды. Ол негізгі команда үшін де өнер көрсеткен.

Микаэль Асқаров Шымкенте дүниеге келіп, 2011 жылға дейін сонда тұрған. Кейін отбасымен Түркияға қоныс аударды, алайда онда Қазақстан азаматтығы да бар. 2018 жылы Микаэль жолдастық кездесуде Қазақстан жастар құрамасы үшін ойнаған.

Antalya Cup 2021 турниріне дайындық ретінде қазақстандық команда 21 мен 31 наурыз аралығында Алматы мен Анталияда оқу-жаттығу жиындарын өткізеді. Antalya Cup жарысында Қайрат Нұрдәулетов жаттықтыратын жастар командасы Солтүстік Македония, Болгария және Өзбекстанмен кездеседі.