Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Түркияда халықаралық турнирге қатысады

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Түркияда халықаралық жарысқа қатысады, деп хабарлады Olympic.kz.

Байрақты бәсеке Түркияның Ыстамбұл қаласында 15-21 наурыз күндері өтеді деп жоспарланған. Бас бапкер Ерік Алғабек Қазақстан құрамасынан алты боксшыны бастап барады.

Атап айтқанда, Назым Қызайбай, Владислава Кухта, Римма Волосенко, Валентина Хальзова, Надежда Рябец және Ақжарқын Молдабекова шаршы алаңда жұдырықтасатын болады.