«Барыстың» бюджеті ұлғаймайды

Қосымша қаржыны клуб өз күшімен табуға тиіс. Бұл жөнінде елордалық команда президенті Борис Иванищев мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, короновирусқа қатысты жағдай команданың әлеуетіне кәдімгідей әсер еткен. Әсіресе, маусымның басында қарастырылған қаржы көлемі 15 процентке қысқарды. Одан кейін жанкүйерлердің залға кіргізілмеуі және басқа да шектеулер тұрақты табыстан қақты. Соған қарамастан, клуб маусымды ойдағыдай аяқтады. «Барыс» биыл плей-офф кезеңіне шықты.

Борис Иванищев, «Барыс» клубының президенті:

– Биыл біраз ойыншының келісімшарты аяқталады. Олардың арғы тағдырын қосымша талқылаймыз. Жақсы жетіліп, тәуір өнер көрсетіп жүрген жігіттер бар. Мүмкіндігінше оларды алып қалуға тырысамыз. Бұған қоса, демеуші іздеп, қаржыға қатысты қиындықтарды өзіміз шешуге тырысамыз.

Баспасөз мәслихаты барысында «Барыстың» кемшін тұстары да сөз болды. Қазақстандық клуб маусымды өте сәтсіз бастады. Оны карантиндік талаптардың күшейтіліп, дұрыс жаттығу болмағанымен түсіндірді бас бапкер. Ал соңғы кездесулерде ойыншылар бірінен соң бірі жарақат алып жатты. Сондықтан жанкүйерлердің барлық сын-ескертпелері орынды. Енді соның негізінде алдағы маусымға жоспар құрып, тыңғылықты дайындаламыз дейді Юрий Михаилис.

Юрий Михайлис, «Барыс» клубының бас бапкері:

– Бұл маусым біз үшін өте ауыр өтті. Короновирустың кесірінен дұрыс жаттыға алмадық. Психологиялық әсері де болды. Соған қарамастан плей-офф кезеңіне шықтық. «Металлург» командасына тегеурінді қарсылық танытуға тырыстық.

Сондай-ақ...