425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шорт-трекшілер Пекин Олимпиадасына дайындықты бастады

  • 195
  • UPD: 12:18, 17.03.2021
Шорт-трекшілер Пекин Олимпиадасына дайындықты бастады

Шорт-трек шеберлері Олимпиадаға кешенді дайындықты бастайды. Алдағы сәуір айына бірқтар оқу-жаттығу жиыны жоспарланған.

Ұлттық құрама мүшелері елімізде де, шетелде де шеберлік шыңдайды. Ал мамыр айында мұздағы дайындықтар пысықталады. Бұл жөнінде бізге бас бапкер Мәдіғали Қарсыбеков мәлімдеді.

Айтуынша, коронавирусқа қатысты жағдай спортшыларға кәдімгідей әсер етті. Араға 2 жыл салып барып ішкі біріншіліктер енді-енді жанданып жатыр. Мәселен, ересектер арасындағы ел чемпионаты өткен аптада елордада болды. Соның нәтижесінде ұлттық құрама жасақталды. Енді олар алдағы лицензиялық жарыстарға дайындалады. Айта кетейік, 2022 жылы Пекинде өтетін қысқы олимпиадаға 11 ай қалды.

Хабар 24 телеарнасы