Алматыда садақ атудан ел үздіктері анықталады

Алматы қаласында садақ атудан Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлады Olympic.kz.

Байрақты бәсеке 2021 жылдың 24-31 наурыз күндеріне жоспарланған. Ел біріншілігінде ересектермен қатар, жастар да бақтарын сынайды. «Меркурий Медет» спорт базасында өтетін дүбірлі додаға 200-ге жуық спортшы қатысуға тіркелген.