Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) келесі қарсыласы анықталды, деп хабарлады Vesti.kz.

Қазақстандықтың қарсыласы орта дивизионда WBA Super титулына ие жапониялық Риота Мурата (16-2, 13 КО) болуы ықтимал. Екі тарап белбеулер біріктірілетін жекпе-жек туралы келіссөз бастағаны хабарланған. 

Бұл жайында Fino Boxing басылымына мексикалық Хайме Мунгияның (36-0, 29 КО) промоутері Фернандо Бельтран мәлімдеді.

 «Головкин жапониялықпен жұдырықтасқысы келеді. Иә, ол да чемпион, бұл үлкен іс. Мен оның таңдауын құрметтеймін», - дейді Бельтран.

Сонымен қоса, Головкин мен Мунгия 7 мамыр Техаста жекпе-жек өткізу туралы келіскені де хабарланған болатын. Дегенмен кейін мексикалық бұл ойынан бас тартып, сәуірде басқа қарсыласпен жұдырықтасатыны белгілі болды.