«Барселонаның» жаңа президенті Мессиден командадан кетпеуін өтінді

«Барселонаның» жаңа президенті Жоан Лапортанының ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзі көпті ойландырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, Лионель Месси туралы. Жоан Лапорта әйгілі аяқдопшыдан көпшіліктің алдында командадан кетпеуін сұрады. Осы уақытқа дейін клубтың танымал болып, биік белестерді бағындыруы командадағы тұрақтылықтың арқасы. Мессидің сапта қалуы біз үшін ғана емес, күллі Барселона халқы үшін маңызды деді ол. Айта кетейік, Лионель Мессидің «Барселонамен» келісімшарты биыл 30 маусымда аяқталады. Былтыр 33 жастағы аргентиналық спортшы командадан кететінін мәлімдеді. Алайда бұрынғы басшылықпен соттасудан бас тартып, ойынан айныды.

Жоан Лапорта, «Барселона» ФК президенті:

– Мен дәл бүінгі жағдайды команда үшін тағдыршешті кезеңге балаймын. Қайткен күнде де Лионель Мессиді көндіруге тырысамын. Ол бүгін арамызда отыр. Мен үшін оның бұрынғыдай өнер көрсеткені керек. Қиын кездер өтеді. Пандемия бітеді. Бәрі қалпына келеді.