Садақ атудан әлем кубогінің екінші кезеңі Лозаннаға ауыстырылды

Садақ атудан әлем кубогінің екінші кезеңі Швейцарияның Лозанна қаласына ауыстырылды.

Бұл туралы Халықаралық садақ ату федерациясы (World Archery) хабарлады, деп жазады Olympic.kz.

Алғашында турнир Қытайдың Шанхай қаласында өтеді деп жоспарланған. Алайда Қытайдағы шектеу шараларына байланысты турнир Лозаннаға ауыстырылды.

Жарыстың өту мерзімі – 17-23 мамыр аралығы. Турнир жергілікті санитарлық нормаларға сай және жанкүйерлердің қатысуынсыз өтеді. 

Еске сала кетейік, садақ атудан Қазақстан командасы Токио Олимпиадасының жолдамасын иеленген. Григорий Ким шәкірттері лицензиялық әлем чемпионатында үздік алтылыққа енген болатын.

Сондай-ақ...