Үстел теннисі: қазақстандық спортшылар олимпиада жолдамасы үшін тартысты бастады

Бүгін, 18 наурызда Дохада үстел теннисінен Азия іріктеу ойындары басталды.

Қазақстан командасы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына лицензия үшін күресті бастады, деп хабарлайды Olympic.kz. Қазақстандық спортшылар алғашқы кездесулерін өткізді.

Кирилл Герасименко – Эльмурод Холиковты (Өзбекстан), Зәуреш Акашева – Мархабо Магдиеваны (Өзбекстан), Анастасия Лаврова Шима Сафайды (Иран) жеңсе, Айдос Кенжеғұлов Ношад Аламияннан (Иран) жеңіліп қалды.

Қазақстандық спортшылардың алдағы қарсыластары:

Кирилл Герасименко – Нима Аламиян (Иран);

Айдос Кенжеғулов – Азамат Эргешов (Қырғызстан);

Анастасия Лаврова – Римма Гуфранова (Өзбекстан);

Зәуреш Акашева – Неда Шахсавари (Иран).