Айдос Ербосынұлының келесі жекпе-жегі қашан өтеді

Бірде-бір жекпе-жегінде қарсыласына есе жібермеген қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлының (15-0, 10 КО) мүддесін қорғайтын «Suleimen promotions» промоутерлік компаниясы отандасымыздың ресейлік Евгений Шведенкомен (15-0, 6 КО) жекпе-жегі өтетін күнді жариялады, деп хабарлады Prosports.kz.

Жеңілмеген екі боксшының жекпе-жегі 17 сәуірде Германияның оңтүстік-батысында француз-герман шекарасына жақын орналасқан Карлсруэ қаласында өтеді.

Еске салайық, алдағы айқастың жеңімпазы америкалық боксшы Калеб Плантқа тиесілі IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағына міндетті үміткер болады.