424,94 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Хабиб Нурмагомедов ресми түрде мансабын аяқтады

  • 244
  • UPD: 11:09, 19.03.2021
Хабиб Нурмагомедов ресми түрде мансабын аяқтады

Абсолютті жекпе-жек чемпионатының (UFC) чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов өзінің спорттық мансабын ресми түрде аяқтады.

Бұл туралы UFC президенті Дэйна Уайт Twitter-де хабарлады.

«Ол 100% ресми түрде мансабын аяқтады. Сенің қалай жұмыс істейтініңе қараудың өзі керемет еді, бәрі үшін рахмет, досым», - деп жазды Уайт.

Еске салсақ, өткен жазда Хабиб Нурмагомедовтің әкесі қайтыс болды.

Бұған дейін ол карьерасын қашан аяқтайтынын айтқан еді.

Сондай-ақ Хабиб Нурмагомедов UFC-де рекорд орнатты.

Хабар 24 телеарнасы