429,67 515.14 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда қазақ күресінен «Әскер барысы» анықталды

  • 172
  • UPD: 21:24, 19.03.2021
Алматыда қазақ күресінен «Әскер барысы» анықталды

Бесінші рет ұйымдастырылған сынға еліміздегі барлық күштік құрылымдардан 28 балуан қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Армияшылар орталық спорт кешенінде өткен жарысты Бауыржан Тәліп секілді қазақ күресінің білікті мамандары арнайы келіп тамашалады. «Әскер барысында» 2018 және 2019 жылдары олжалы болған Ерасыл Қажыбев «Қазақстан барысына» қатысып, екі рет күміс белбеу иеленгені белгілі. Ерасыл бұл жолы да финалға шықты. Алайда шешуші белдесуде ефрейтор Әділ Оразбаевтан ұтылып қалды. Қола жүлде оңтүстік өңірден келген Ертуған Төреновтің қанжығасында кетті. Финалда күрескен Ерасыл мен Әділ жазда өтетін «Қазақстан барысына» қатысады.

Еркебұлан Түсіпханов, армияшылардың орталық спорт клубының штаб бастығы:

– «Әскер барысының» ережелерінің «Қазақстан барысынан» ешқандай айырмашылығы жоқ. «Қазақстан барысының»өздері белгілеген төрешілері осы жарысты өткізеді. Тікелей атсалысады. Барлық ереже сақталады.

Хабар 24 телеарнасы