433,15 516.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

OCTAGON 18 турнирі 7 сәуірде өтеді

  • 112
  • UPD: 12:00, 21.03.2021
OCTAGON 18 турнирі 7 сәуірде өтеді Prosports.kz

Қазақстандық OCTAGON промоутері келесі турнир өтетін күнді жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сонымен келесі айтулы шара 7 сәуірде көрерменсіз өтеді. Қазіргі уақытта алдағы турнирдің карды әлі белгісіз және ол жақын арада жарияланады.

Промоушен соңғы турнирін 17 наурызда өткізген еді. Кештің басты жекпе-жегінде Карим Рузбакиев (6-0) төртінші раундта Айболат Мұратұлын (2-3) нокаутқа жіберіп, жартылай ауыр салмақ дәрежесінде (93 кг) титулға қол жеткізді.

Кештің екінші маңызды жекпе-жегінде қазақстандық файтер Ұлан Тамғабаев (7-5) бірінші раундта өзбекстандық Абдул-Азиз Сотволдиевті қылқындыру әдісімен жеңді.

Хабар 24 телеарнасы