Серфингші жаттығу кезінде найзағай түсіп қайтыс болды

Сальвадорда 22 жастағы серфингші Кэтрин Диас қаза тапты. Оған жаттығу кезінде найзағай тиген, деп хабарлайды Prosports.kz.  

Қайғылы оқиға жұмада жергілікті Эль-Тунко жағажайында болған. AS мәліметінше, спортшы сол кезде суда болған. Жедел жәрдем жеткенімен, серфингші ол кезде қайтыс болған. Сальвадор серфинг федерациясының хабарына қарағанда, ол кезде аспан ашық болып, аяқ астынан жауын басталған. 

Кэтрин – федерация президенті Хосе Диастың қызы.