Токиоға жолдама: гандболшы қыздар қатарынан екінші рет жеңіліп қалды

Венгрияның Дьер қаласында гандболдан әйелдер арасында Олимпиадаға іріктеу турнирі өтіп жатыр.

Өкінішке орай, Қазақстан командасы екі матчта да жеңіліс тапты деп жазады Olympic.kz. 

Бірінші кездесуде қазақстандықтар жарыс қожайыны Венгриядан 19:46 есебімен ойсырай ұтылған болатын. Екінші кездесуде Ресей командасымен кездескен Қазақстан құрамасы 26:33 есебімен жеңілді. 

Айта кетелік, Токио Олимпиадасына іріктеу турнирінде Қазақстан Венгрия, Ресей, Сербиямен бір топта сынға түсуде. Екі матчта жеңіске жеткен Венгрия мен Ресей командаларында төрт ұпайдан бар.

Жарыс ережесі бойынша топта үздік атанған екі команда Олимпиадаға аттанады. 

Осылайша Ресей мен Венгрия құрамасы лицензияға иелік етті.