Жүзуден Қазақстан құрамасы жеті медаль еншіледі

Жүзуден Түркияда өткен халықаралық жарыста отандасымыз Дмитрий Баландин үшінші жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олимпиада чемпионы 100 метрге брасс әдісімен жарысуда күміс медальге ие болды. Ол бұған дейін 50 метрлік сайыста мәре сызығын екінші боп кесті. Ал 200 метрді еңсеруде алтыннан алқы тағынды. Дмитрий Баландинмен қоса, тағы бір отандасымыз Әділбек Мусин 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден, ал Аделаида Пчелинцева 100 метрге брасс әдісімен жүзуден күміс жүлдегер атанды. Жалпы Түркиядағы жарыста отандастарымыз жалпы жиынтығы 7 медалді еншіледі.