430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық боксшылар Түркиядағы турнирде 10 медаль жеңіп алды

  • 211
  • UPD: 16:54, 22.03.2021
Қазақстандық боксшылар Түркиядағы турнирде 10 медаль жеңіп алды Prosports.kz

Ыстамбұлда бокстан халықаралық «Босфор» турнирі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнир нәтижесінде Қазақстан құрамасы 10 медаль жеңіп алды. Ерлер құрамасының еншісінде алты медаль – екі алтын, бір күміс және үш қола. Дархан Дүйсебай (69 келі) пен Абзал Құттыбеков (91 келі) өз салмақтарында чемпион атанды, Сағындық Тоғамбай (91 келі) күміс, Дамир Әбдіқадыр (52 келі), Болат Ерсұлтан (63 келі) және Аятулла Тақижанов (75 келі) жарыстың қола жүлдегері атанды. 

Қызар құрамасы бір күміс, үш қола медаль еншіледі. Күміс жүлдені 75 келі салмақта өнер көрсеткен Валентина Хальзова жеңіп алды. Ал турнирдің қола жүлдегерлері: Ангелина Лукас (51 келі), Владислава Кухта (57 келі) және Римма Волосенко (60 келі).

Хабар 24 телеарнасы