Шымкентте өтіп жатқан «Өнер барысы» жобасы өз мәресіне жетті

Бозкілемде қазақ күресінен белдескен балуандар өзара мықтыны анықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еліміздің танымал өнер жұлдыздарының арасынан шыққан 20 сайыскер әртүрлі салмақ дәрежесінде сынға түскен спорт турнирі карантиндік талаптарды сақтай отырып, санаулы көрерменмен өткізілді. «Өнер барысы» жобасында кімнің асығы алшысынан түсіп, қай өнерпаз жеңіс тұғырына көтерілді?