Хабиб Нурмагомедов UFC рейтингісінен шығарылды

Өткен аптада октагонға оралмайтынын ресми растаған ресейлік UFC файтері Хабиб Нурмагомедов промоушеннің барлық рейтингісінен шығарылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазіргі таңда салмақ дәрежесінен тыс рейтингте Джон Джонс көш бастап тұр. Екінші орында жартылай орта салмақтағы чемпион Камару Усман жайғасқан. Үздік үштікті ауыр салмақтағы Стипе Миочич түйіндеп тұр.

Жеңіл салмақты чемпиондық белбеу қазір вакантты. Бұл салмақта рейтинг көшбасшылары бұрынғыдай Дастин Порье, Джастин Гэтжи және Чарльз Оливейра.

Айта кетейік, ресейлік файтер былтыр қазан айында өткен UFC 254 турнирінде соңғы рет октагонға шықты. Онда Джастин Гейджиді екінші раундта жеңген болатын.